Ақпараттық қауіпсіздік орталығы энергетика саласын киберқауіптерден қорғауды қамтамасыз етеді — Бектенов
28 қазан, 2025
Фото: Үкіметтің телеграмм арнасы
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктеріне Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде 2026 жылдың соңына дейін энергетика салаларының Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды.
«Энергетика, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктері 2026 жылдың соңына дейін Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосып, отын-энергетика кешенінде инфокоммуникациялық инфрақұрылым операторының жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жүйе энергетика саласының барлық субъектілерін киберқауіптерден қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бақылау мен үйлестіру Роман Склярға жүктелді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:34
Қазақстанда 1,3 млн гектар алқапта шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді
22 маусым, 2026
Қазақстан мен Ауғанстан су ресурстары саласында орталық құрады
22 маусым, 2026
Үкімет жол бойындағы сервиске шамамен 180 млрд теңге инвестиция тарту жобасын мақұлдады
20 маусым, 2026
Олжас Бектенов жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды