Қыркүйекте экспортқа 1,2 млн тонна астық жөнелтілді - ҚТЖ

Бүгін, 14:04
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қыркүйекте экспортқа 1,2 млн тонна астық жөнелтілді - ҚТЖ
Фото: ҚТЖ

Қыркүйек айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 1,45 млн тонна астық тасымалдады. Бұл қыркүйек айындағы астықты тиеудің ең үлкен көлемі және өткен жылдың қыркүйегіне қарағанда 7% көп, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экспортқа 1,2 млн тонна астық жөнетіліп, өсім 13% құрады. Негізгі көлемі Орталық Азия елдеріне тиесілі – 701 мың тонна (+8%), оның ішінде Өзбекстанға 512 мың тоннасы (+14%) жөнелтілді. Ауғанстанға тасымалдау 3,4 есеге, 107 мың тоннаға дейін, Қытайға тасымалдау 2,8 есеге, 188 мың тоннаға дейін өсті.

Қыркүйек айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау 274 мың тоннаны (+13%) құрады, оның ішінде экспортқа – 230 мың тонна (+27%).

«Биылғы жылдың тоғыз айында темір жол арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% артық. Экспортқа 8,4 млн тонна (+14%) бағытталды», - деп хабарлады ҚТЖ.

Еске салсақ, Қазақстанда астық жинау 83 пайызға аяқталғанын жаздық.