Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Азиада-2026 ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз қытайлық Тайбэй өкілі Хун Цзюнь И-мен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Батырхан Төлеуғали жарысты жартылай финалда аяқтап, Азиаданың қола жүлдегері атанды.