Қостанайда жаңа халықаралық авиарейстер ашу жоспарланып отыр

Қостанайда жаңа халықаралық авиарейстер ашу жоспарланып отыр
Фото: А.Байтұрсынұлы атындағы халықаралық әуежайы

Қостанай әуежайында жолаушылар ағыны артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Танжарықов мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берік Танжарықовтың айтуынша, егер 2022 жылы бұл көрсеткіш 295 мың адам болса, 2025 жылы ол шамамен 450 мың адамға жетті.

«Биыл жолаушылар ағыны 500 мың адам болады деп күтіп отымыз. Астана мен Алматыға рейстердің жиілігі артты, мамыр айынан бастап жыл бойғы Қостанай-Шымкент рейсі іске қосылды, Мәскеу мен Мысырға рейстер орындалып жатыр. Маусым айынан бастап Қостанай-Ташкент халықаралық рейсін ашу жоспарлануда. Фукуок, Нячанг, Ыстанбұл сынды жаңа туристік бағыттар да қарастырылуда», - деді Берік Танжарықов.

Еске сала кетсек, отандық әуекомпаниялар төрт айда 4 миллионнан астам жолаушы тасымалдады