Жалпыұлттық аза тұту күні

Астанада пара хоккейден Қазақстан чемпионаты өтеді

24 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада пара хоккейден Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласындағы «Тарлан арена» спорт кешенінде 26 қыркүйек күні сағат 10:00-де тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара хоккейден ел біріншілігінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Чемпионаттың матчтары сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін жалғасады.

«Турнирге Астана, Ақтөбе және Қарағанды қалалары мен Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарының командалары қатысады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, пара хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионаты 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Еске салсақ, Астанадағы жәрмеңкеге үш облыс 400 тоннадан астам өнім әкеледі.