Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Молдава Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады.

Жеделхатта Қазақстан екі ел халқының мүддесі үшін кең көлемді бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екені атап өтілген.

Мемлекет басшысы Президент Майя Сандудың барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Молдова халқына құт-береке тіледі.