Қарағандыда мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 65 әлеуметтік жоба іске асырылды

Бүгін, 12:17
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қарағандыда мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 65 әлеуметтік жоба іске асырылды
Фото: видеодан скриншот/Бас прокуратура

Мемлекетке қайтарылған активтер Қарағанды облысының әлеуметтік дамуына бағытталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қарағанды облысы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Осы жұмыс аясында Қарағанды облысында жалпы құны 20 млрд теңгеден асатын 65 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды.

14 млрд теңгеден асатын 55 жоба азаматтардың денсаулығын қорғауға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бөлінді.

Облыста жаңа фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Қолданыстағы ірі медициналық мекемелердің жабдықтары айтарлықтай жаңартылды.

Коммуналдық инфрақұрылым саласында жалпы сомасы шамамен 6 млрд теңгені құрайтын 10 нысанның құрылысы аяқталып, Теміртау, Қарағанды қалаларының, сондай-ақ Абай, Шет, Қарқаралы және Осакаров аудандарының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.  

Президенттің заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмасы нақты әлеуметтік маңызға ие болды - қайтарылған қаражат медицина саласындағы оң өзгерістерге, халықтың қажеттіліктері үшін заманауи инфрақұрылым салуға бағытталуда.

Қарағанды облысының прокуратурасы нысандардың уақтылы аяқталуын, орындалып жатқан жұмыстардың сапасын және бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жалғастыруда.