Бір науқан – 110 алаң: Қазақстанда энергия үнемдеу туралы ақпарат кең тарады

Бір науқан – 110 алаң: Қазақстанда энергия үнемдеу туралы ақпарат кең тарады
Фото: pexels.com

Қазақстанда энергияны тиімді тұтыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды ақпараттық науқан еліміздің өңірлеріне жол тартты, деп хабарлады Elordainfo.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Германияның Халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ) бірлескен науқан аясында еліміздің әуежайлары, метролары және негізгі көшелері сияқты 110 алаң қамтылды.

Ақпараттық науқан цифрлық кеңістікте де жалғасып, 700-ден астам жарияланым жарық көрді. Оның негізгі мақсаты – энергия мен ресурстарды ұтымды тұтыну мәдениетін қалыптастыру және күнделікті өмірде энергияны тиімді пайдаланудың маңызын түсіндіру.

Инфографика: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Бұдан бұрын еліміздің қай өңірлері энергияны ең көп тұтынатынын, сонымен қатар Астанадағы 2-ЖЭО тәулігіне қанша МВт және Гкал беретінін жазған едік.