Қазақстандық ескекшілер әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Бүгін, 17:21
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстандық ескекшілер әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Әйелдер арасында каноэде 200 метрлік жұптық жарыста Мария Бровкова мен Ульяна Киселева іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Отандастарымыз қашықтықты 46.61 секундта жүзіп өтіп, өз тобында үшінші болып мәреге жетті. Осылайша, ақтық сынға жолдама алды.

Айта кетейік, бұл бағдарлама бойынша финал 29 тамызда өтеді. 

Еске салсақ, Анна Данилина WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.