Талғар ауданында ер адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Бүгін, 12:02
Думан Аманжол Думан Аманжол
Талғар ауданында ер адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Фото: Freepik.com

Алматы облысының Талғар ауданында ер адамды пышақтап өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Ақтас ауылында болған. Онда тандыр нан сатқан ер адамның пышақталғаны туралы жазылған.

Полиция мәліметіне сәйкес, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындап, жауап берген.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші мен күдікті арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Жанжал барысында күдікті ер адамға пышақпен екі рет жарақат салып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдарының кешені жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Еске салсақ, жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен ұстаздарға үндеу жолдады.