Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді

Бүгін, 18:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

5-6 қараша күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.

5-7 қараша күндері Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.

Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады.

6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.

Еске сала кетейік, 5-7 қарашада Астананың кейбір көшелерінде көліктердің жүруіне шектеу қойылады.