Астана тұрғындарына газ датчиктері мен түтін хабарлағыштарын пайдалану ережесі ескертілді

Бүгін, 18:14
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астана тұрғындарына газ датчиктері мен түтін хабарлағыштарын пайдалану ережесі ескертілді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордалық құтқарушылар жылыту маусымында қала тұрғындарына көміртегі тотығы мен табиғи газ датчиктерін, сондай-ақ түтін хабарлағыштарын орнатудың және оларды дұрыс пайдаланудың маңызын еске салады. Бұл құрылғылар газдың таралуын, көміртегі тотығының қауіпті деңгейге жеткенін және өрт кезінде түтіннің пайда болғанын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мамандар құрылғылардың жұмысын жүйелі түрде тексеріп, батареяларының жарамдылығын бақылауды және қажет болған жағдайда уақытылы ауыстыруды ұсынады. Сонымен қатар өрт және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтап, желдету жүйесі мен газ жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау қажет.

Газ датчигі іске қосылған жағдайда, үй-жайдан дереу шығып, электр құрылғыларын қосуға және ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Оқиға туралы қауіпсіз жерге шыққаннан кейін 104 немесе 112 нөміріне хабарлау қажет.

Өрт шыққан жағдайда ғимараттан тез арада эвакуацияланып, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керек.

Құтқарушылардың айтуынша, жарамды газ датчиктері мен түтін хабарлағыштары тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.