Астанада төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларын өткізді

Бүгін, 08:34
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларын өткізді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымының басталуына байланысты профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, тұрғын үйлерге улы газдан қорғайтын датчиктер орнатылды.

Сондай-ақ арнайы мамандар мұржаларды тазартып шықты.

«Қазіргі уақытта «Нұра» ауданындағы Үркер шағын ауданында жылыту маусымына орай аудан әкімдігінің өкілдерімен бірге профилактикалық мақсатта аралап шықты. Жылдың басынан бері бұл ауданда 100-ден астам көмір қышқыл газы және түтін датчиктері орнатылған. Тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз», – деді «Нұра» ауданында Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Нұрмаханбет Диас.