Астананы тасқын судан қорғау үшін өндірістік база жаңғыртылып жатыр

Бүгін, 16:59
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астананы тасқын судан қорғау үшін өндірістік база жаңғыртылып жатыр
видеодан скриншот/t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi

«Қазсушар» РМК Ақмола филиалы Астана қаласындағы Қорғаныс бөгетінің өндірістік базасында автотехникаға арналған қалқа орнату жұмыстарын аяқтауға жақын, деп хабарлайды Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, аталмыш нысан филиалдың су тасқынына қарсы дайындық деңгейін арттырып, гидротехникалық нысандардың су басу қаупі бар учаскелерінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қалқа құрылыс және жөндеу техникасын қолайсыз ауа райы жағдайларынан қорғап, оның пайдалану мерзімін ұзартуға жағдай жасайды. Жұмыс барысында нысанды жылдың суық мезгілінде де пайдалануға мүмкіндік беретін оқшаулағыш, жылу ұстағыш және қорғаныш материалдары қолданылуда.

«Бұл жұмыстар филиалдың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және өндірістік учаскені маусымдық жүктемелерге дайындауға бағытталған. Бұл – гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астана қаласын тасқын судан қорғау ісіндегі маңызды шаралардың бірі», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Астанада 200 орындық балаларға арналған шұғыл көмек орталығы салынады.