Президент Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады
26 қараша, 2024
фото: Оңалхан Өнерхан
Еліміздің Қарулы күштерінде бірқатар ауыс-түйістер болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Ұқсас жаңалықтар
6 мамыр, 2026
Тоқаев әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне әскери атақтар табыс етті
6 мамыр, 2026
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
5 мамыр, 2026
Президент Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қатынастар туралы заңға қол қойды
5 мамыр, 2026
Президент Xinjiang Lihua басшысымен мақта-мата кластерін жүзеге асыру мәселесін талқылады