Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады
2 қазан, 2025
Фото: Ақорда
Кездесу барысында жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестиция, стартаптар экожүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысына және Digital Bridge 2025 форумы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Ли Кай Фуға алғыс айтты.
Президентке қазақстандық тарап пен 01ai компаниясының AlemLLM тілдік моделін бірлесіп іске қосқаны, сондай-ақ жасанды интеллект экожүйесін дамыту мақсатындағы ынтымақтастықтың басқа да перспективті бағыттары жөнінде ақпарат берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:18
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
8 мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды
8 мамыр, 2026
Қазақстан Түркия әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу келісімін ратификациялады
8 мамыр, 2026
Президент Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды