Көкшетауда екі студенттен 15 млн теңгенің вейпі тәркіленді
16 қаңтар, 2025
Фото: видеодан скрин
Ақмола облысында полицейлер жалпы сомасы 15 млн теңге болатын шегілмейтін темекі өнімін тәркіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Есірткі қылмысына қарсы күрес қызметкерлері жергілікті колледждің 2 студентін ұстады.
«Олардың бірі 10 дана электронды темекіні үйінде сақтаған, ал екіншісінің үйінен 970 дана өнім табылды. Ол тыйым салынған тауарды жою үстінде ұсталған. 20 жастағы жігіт тәркіленген электронды темекілерді саудалау арқылы шамамен 15 млн теңге пайда табуды көздегенін мойындады», - делінген ІІМ хабарламасында.
Қазіргі уақытта 2 факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция бұл өнімдерді сату мен таратқаны үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды