Референдум-2026

ENERFORT-2026: 120-дан астам маман киберқауіптерге қарсы даярлықтан өтті

Бүгін, 11:38
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
ENERFORT-2026: 120-дан астам маман киберқауіптерге қарсы даярлықтан өтті
Фото: Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігінде отын-энергетика кешені объектілерінің технологиялық жүйелерін қорғауға арналған ENERFORT-2026 алғашқы салалық кибероқуларының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Екі күн бойы отын-энергетика кешені кәсіпорындарының 120-дан астам маманы заманауи киберқауіптерге қарсы іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдірді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша 1, 2 және 3-орын алған командалар дипломдармен марапатталды.

«Энергетика министрлігі үшін ENERFORT – мамандардың құзыреттерін бағалау, олардың даярлығын жетілдіру және отын-энергетика кешені объектілерінің киберорнықтылығының заманауи жүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстың бастауы. Оқу-жаттығу нәтижелері энергетикалық инфрақұрылымның қорғалу деңгейін арттыруға және сала бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге негіз болуы тиіс», – деді Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс.