Енді кедергі келтіріп тұрған көлік иесіне аноним хабарлама жіберуге болады
1 сәуір, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұдан былай кез келген азамат мемлекеттік нөмір арқылы көлік иесіне аноним хабарлама жібере алады. Бұл қызмет туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Егер сіз терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, қажетті тетікті таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесудің әрі азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз», – деді министр Үкімет отырысында.
Аталған цифрлық қызметті енгізу жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:54
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңседе әлеуметтік төлемдері мәселесі талқыланды
5 мамыр, 2026
Олжас Бектенов инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді
5 мамыр, 2026
Жылу беру маусымына арналған отын қоры 1 қыркүйекке дейін жинақталуы тиіс – Бектенов
5 мамыр, 2026
Жылу маусымына дайындық: өңірлерге нақты мерзімдер қойылды