Еңбек инспекторлары 22,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Еңбек инспекторлары 22,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Фото: Оңалхан Өнерхан

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 153 кәсіпорында 1,2 мыңнан астам жұмыскер алдында 719 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жүргізілген тексерулер барысында түрлі ұйымда еңбек құқықтарының 2,7 мыңнан астам бұзушылығы тіркелген.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 1 630 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 187,4 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 859 жұмыскерге 535,8 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі өтелді.

Сондай-ақ министрлік еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ерекше бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

2026 жылғы 1 мамырдағы дерекке сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 446 тексеру жүргізіп, 2 799 құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде: еңбек қатынастары саласында – 2 340; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 433; – халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша – 26.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21,9 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Бұдан бұрын жұмысшылардың жалақысын төлемеген 140 кәсіпорынға айыппұл салынғанын жазған едік.