14.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада үш мыңға жуық жұмысшы қар тазалауға шықты

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада үш мыңға жуық жұмысшы қар тазалауға шықты

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен

Қыс маусымы басталғалы елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өткен түні коммуналдық қызмет өкілдері 701 рейспен 11 572 текше метр қарды қала сыртына шығарды.

14 қараша күні күндізгі ауысымда қар күреу жұмысына шамамен 3 мың жол жұмысшысы мен 1 178 арнайы техника жұмылдырылды.

Коммуналдық қызмет жұмысының негізгі бағыттарының бірі – көктайғақтың алдын алу шаралары. Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға техникалық тұз себіледі.

Айта кетейік, қыс мезгілі басталғалы елорданың арнайы полигондарына 268 мың текше метрге жуық қар шығарылған. Бұл 18 299 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең.

Алдымен негізгі магистралдар мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін орташа қозғалысы бар аумақтар – аулалар, алаңдар, тротуарлар және аялдамалар ретке келтіріледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолда және тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс сапарға шықпауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗