Референдум-2026

Елордада самокат, велосипед жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге қатысты рейдтер жалғасып жатыр

1 тамыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада самокат, велосипед жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге қатысты рейдтер жалғасып жатыр
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Прокуратураның үйлестіруімен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында полиция департаменті жаяу жүргіншілер мен самокат, велосипед басқаратын адамдардың құқық бұзушылықтарын анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Іс-шаралардың мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Прокуратура қала тұрғындарын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мас күйінде басқару, тыйым салынған жерлерде қозғалу, екеулеп мінгесу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұдан бұрын Tarlan Astana станцияларында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілгені туралы жаздық.