06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада базар сатушысынан 3 келі насыбай тәркіленді

|
Photo: фото: Polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада базар сатушысынан 3 келі насыбай тәркіленді

|
Photo: фото: Polisia.kz

Байқоңыр ауданының учаскелік инспекторлары рейд жүргізу кезінде Сейфуллин көшесіндегі жабық базар аумағынан шамамен 3 кг насыбай тәркіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Пластикалық бөтелкелерге оралған тыйым салынған затты базар сатушысы саудалаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

16 қыркүйектен бастап елорда аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Елорда сауда орындары бойынша күн сайын рейдтер өткізіледі. Базарларда және басқа да сауда орындарында 8 мыңға жуық рейд жүргізіліп, оның ішінде 343-і базарларда өтті.

Іс-шара барысында 11 мыңға жуық тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 500 тұрғылықты мекенжайы жоқ адам ұсталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 153 кәмелетке толмаған бала жауапкершілікке тартылып, 60 ата-ана бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗