Электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді

3 желтоқсан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді
Оңалхан Өнерхан

Жаңа заңда жол қауіпсіздігін жақсартуға және электр самокаттарын жалға беру операторларының қызметін реттеуге бағытталған өзгерістер ұсынылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жалға беретін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін әрбір электр самокатқа қатысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі. Сондай-ақ мұндай самокаттарды тіркеу және тіркеу нөмірлерін беру тәртібі белгіленеді.

Жалға берушілер жүргізуші куәлігі жоқ немесе одан айырылған адамға электр самокатты басқаруға рұқсат бергені үшін жауапты болады.