Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжатқа 2024 жылғы 8 тамызда Астанада қол қойылған.
Хаттама «Сырдария – Малик» және «Целинный – Ок олтин» өткізу пункттерінің мәртебесі мен жұмыс режимін «екіжақты» мәртебеден «халықаралық (көпжақты)» мәртебеге ауыстыру, сондай-ақ жұмыс режимін «күндізгі уақыттан» «тәулік бойы» режимге өзгерту көзделген.
Бұл өзгерістер өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыруға, жүк және жолаушылар ағынын жеделдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуға бағытталған.