«Директор өзіне ұнайтын ұстаздарға сағатты бөліп береді»: министр саладағы әділетсіздікпен күресетінін айтты

Бүгін, 18:04
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Директор өзіне ұнайтын ұстаздарға сағатты бөліп береді»: министр саладағы әділетсіздікпен күресетінін айтты
Фото: видеодпн скриншот/YouTube

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында мұғалімдердің оқу жүктемесін бөлу тәртібіне қатысты өз ұстанымын білдірді , деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министрдің айтуынша, сағат бөлу кезінде әділетсіздікке жол беріліп жатқаны туралы шағымдар жиі түседі.

«Көптеген мұғалімдер директор немесе оқу ісі жөніндегі орынбасар өзіне ұнайтын ұстаздарға сағатты бөліп береді деп шағымданады. Менің ұстанымым – оқу жүктемесін бөлу тек директор мен оның орынбасарының құзырында болмауы керек. Бұл үдеріс академиялық қағидаттарға негізделіп, әділ нормативтер арқылы реттелуге тиіс», – деді министр.

Сондай-ақ Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің кәсіби жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды ұсынысын да атап өтті.
Оның пікірінше, егер мұғалім 5-сыныпты қабылдаса, сол сыныпты 11-сыныпқа дейін бір пәннен үздіксіз оқытуы қажет. Бұл тәсіл мұғалімнің жұмыс сапасын әділ бағалауға және оқу процесінің нәтижелілігін арттыруға септігін тигізеді.