Референдум-2026

Астанада құтқарушылар жеке тұрғын үйден табылған жыланды қала сыртына жіберді

Астанада құтқарушылар жеке тұрғын үйден табылған жыланды қала сыртына жіберді
Коллаж: Еlordainfo.kz/@astana112_tjd

Астананың «Сарыарқа» ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен жылан табылды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бауырымен жорғалаушыны арнайы құралдың көмегімен қауіпсіз ұстап, елдімекеннен алыс аумаққа жіберді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға туралы хабарлама бүгін 112 қызметіне келіп түскен. Жылан «Сарыарқа» ауданындағы Бесшатыр тұйығындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен байқалған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы «жыланұстағыш» құралдың көмегімен бауырымен жорғалаушыны ұстап, қауіпсіз түрде қаладан алыс ашық аумаққа жіберген.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға үйде немесе аулада жылан байқалған жағдайда оны өз бетінше ұстауға әрекет жасамауға кеңес береді. Мұндай жағдайда қауіпсіз арақашықтықты сақтап, 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бұған дейін Астанадағы хостелдерде өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілгенін жазған болатынбыз.