Астана халықаралық әуежай аумағында құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі

Бүгін, 08:51
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астана халықаралық әуежай аумағында құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі
Фото: Астана халықаралық әуежайы

21 желтоқсаннан бастап Астана халықаралық әуежайы аумағында Т2 жолаушылар терминалы мен LRT «Әуежай» станциясын жалғайтын өтпелі галереяның құрылысы басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты Т2 терминалы маңындағы көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді.

Құрылыс кезеңінде:

- жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметінің өтуі терминалдың шатырлы бөлігі арқылы жүзеге асырылады;

- CIP санатындағы жолаушылар қоғамдық көлік бағытын пайдаланады;

- қызметтік көлік, автобустар, таксилер және жеке автокөліктердің қозғалысы құрылыс алаңының қоршауына байланысты ұйымдастырылады.

Жұмыстарды 2026 жылғы 30 сәуірге дейін аяқтау жоспарланған. Өзгерістер құрылыс толық аяқталғанға дейін қолданыста болады.

Бұл жоба әуежайдың көліктік қолжетімділігін арттырып, әуе көлігі мен жеңіл рельсті көлік (LRT) арасындағы ыңғайлы ауысуды қамтамасыз етеді. Жолаушыларға бағыттарын алдын ала жоспарлап, жаңартылған қозғалыс сызбасын ескеруге кеңес беріледі.