07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған адам ұсталды

|
Photo: Фото: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған адам ұсталды

|
Photo: Фото: Freepik.com

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген адам Грузияда ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды.

2022 жылы күдікті танысын алдап, шамамен 13 миллион теңгеге автонесие рәсімдеуге көндірген. Қаражатты алғаннан кейін ол автокөлік сатып алып, өз міндеттемелерін орындамай, жасырынған.

ІІМ «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗