Армения Қазақстанның цифрландыру, ЖИ саласындағы жобаларына қызығушылық танытты

Армения Қазақстанның цифрландыру, ЖИ саласындағы жобаларына қызығушылық танытты
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев Қазақстан Республикасындағы Арменияның Төтенше және Өкілетті елшісі Армен Гевондянмен кездесу өткізді деп хабарлайды Elordainfo.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында цифрландыру, жасанды интеллект және инновациялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Қазақстан цифрлық мемлекеттік басқару саласында көшбасшы ел ретінде танылып отыр. Біздің бірлескен жобаларымыз, соның ішінде TUMO, тәжірибе мен технология алмасудың табысты үлгісі болып табылады.

Тараптар жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Вице-премьер халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығы сияқты табысты бастамалар туралы айтып өтті.
Өз кезегінде армян тарапы бірлескен жобаларға қатысуға және AI-платформалар мен GovTech сияқты инновациялық шешімдерді енгізуге қызығушылық білдірді.