Әлеуметтік желідегі құқық бұзушылық: Елорданың екі тұрғыны жауапқа тартылды
Полиция қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізу кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан елорданың екі тұрғыны анықталды. Олардың бірі – 39 жастағы Алексей Дрожжин, екіншісі – "PANTERA" аккаунтының иесі, 33 жастағы Әлия Молдаханова.
Жиналған әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысына сәйкес Алексей Дрожжин 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал Әлия Молдахановаға айыппұл салынды.
Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тұрақты негізде жүргізілетінін еске салады.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан елордалық 5 тәулікке қамауға алынды