12 маусымнан бастап Air Astana әуе компаниясы Астана-Шымкент және Астана-Қызылорда бағыттары бойынша рейстерді қайта іске қосады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Астанадан рейстер жұма, сенбі және жексенбі күндері, ең көп сұранысқа ие күндері Airbus A320 әуе кемелерімен жүзеге асырылады.
Өзекті кестемен әуе компаниясының сайтында танысуға болады», - делінген хабарламада.
Билеттерді ресми сайтта және Air Astana мобильді қосымшасында, сондай-ақ аккредиттелген туристік агенттіктерде сатып алуға болады.
Еске сала кетейік, Премьер-министр Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстерді биыл ашуды тапсырды.