Астана қаласы «Есіл» ауданы прокуратурасымен «Заң мен тәртіп» принципі аясында №24 орта мектептің 260-тан астам оқушыларына құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбы бойынша дәріс өткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру мен құқық бұзушылықтардың, атап айтқанда, есірткі қылмыстың, интернет-алаяқтықтың, дропперліктің болдырмауы және сталкинг, өзге құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты сұрақтарды талқылау аталған іс-шараның мақсаты болып табылады.

Сонымен қатар дәріс барысында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, оларға қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес жауап алды.

Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылық пен тәрбиені қалыптастыру аудан прокуратурасының бақылауында.