Қазақстанда ұшу аппараттарын іске қосу реттеледі — Бектенов тиісті тапсырма берді

Бүгін, 12:42
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстанда ұшу аппараттарын іске қосу реттеледі — Бектенов тиісті тапсырма берді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында қалалық әуе ұтқырлығы (UAM) мәселелерін заңнамалық тұрғыда реттеу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еуропадағы EASA және АҚШ-тағы FAA сияқты әлемдік реттеушілер коммерциялық аэро-такси аппараттарын сертификаттау қағидаларын әзірлеп қойды. Біз де аэро-такси, дрондар мен басқа да ұшу аппараттарының жаңа түрлерін іске қосуға дайын болуымыз керек», деп атап өтті Премьер-министр.

Сондай-ақ Көлік министрлігіне биылғы маусым айының соңына дейін қалалық әуе ұтқырлығы (UAM) мәселелері бойынша қажетті заңнамалық түзетулерді қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Еске салсақ, Үкімет Азаматтық авиацияны дамытудың мастер-жоспарын әзірлейді.