07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент соғыс ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айтты

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент соғыс ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айтты

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Әбдіғали Қаймолдин жастай майдан даласына аттанып, ерен ерлігімен жеңісті жақындатуға зор үлес қосқан батыр тұлға болды. Бейбіт кезеңде мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып, ел игілігі жолында ұзақ жыл қызмет етті. Ғасыр жасап, соңына өнегелі жол қалдырған Әбдіғали Қаймолдиннің жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жаннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗