Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.