«Іскер аймақ»: Үкімет шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын әзірледі

Бүгін, 10:27
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Іскер аймақ»: Үкімет шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын әзірледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әсіресе моно және шағын қалаларда, сондай-ақ ауылдық жерлерде шағын және микробизнесті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қуатты әрі бәсекеге қабілетті кәсіпкерліктің дамуы – орнықты экономикалық өсудің негізгі факторы. Өздеріңізге мәлім, жуырда Мемлекет басшысы іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін жедел түрде шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды. Үкімет шағын және микробизнесті нақты қолдауға, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, өндірісті дамытуға бағытталған кешенді құжатты әзірледі», - деп атап өтті Премьер-министр.

Айта кетейік, бұған дейін шағын кәсіпкерлерге кассалық аппаратпен біріктірілген POS-терминалдар тегін берілетінін жазған болатынбыз.