Елордада прокуратура тұрғын үйлердің құны 2 млрд теңге инженерлік желісін коммуналдық меншікке қайтарды

Елордада прокуратура тұрғын үйлердің құны 2 млрд теңге инженерлік желісін коммуналдық меншікке қайтарды
Фото: Астана қаласы Коммуникациялар қызметі

Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Астана қаласы прокурорының көмекшісі Азамат Казбеков азаматтардың қандай мүліктік құқығы жиі бұзылатынын және өз мүлкін қалай қорғау керектігін айтып берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Азамат Аскарбекұлының айтуынша, меншік құқығы ҚР Конституциясымен кепілдік берілген азаматтар мен ұйымдардың негізгі конституциялық құқығының бірі. Оны қорғау – заң үстемдігін қамтамасыз етудің, мемлекеттік институттарға сенімді нығайтудың және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырудың маңызды шарты.

Қала прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мемлекеттілікті нығайту, әділдікті қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың негізгі факторының бірі екенін еске салады. Осыған байланысты азаматтардың және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары ерекше маңызға ие.

Жер және мемлекеттік мүлік заң қорғауында

Прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағытының бірі – нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан немесе заң талаптарын бұза отырып берілген жер телімін қайтару. Былтыр шамамен 300 гектар игерілмеген жер және 3 мың гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жері анықталған. Прокурорлық ден қою актілері негізінде оларды мемлекет меншігіне қайтару жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ, жер учаскесін аукцион өткізбей, заң талаптарын бұза отырып секілді заңсыздықтың жолы кесілді.

Мемлекеттік меншіктен заңсыз шығарылған жылжымайтын мүлік объектілері мен өзге де активтерді қайтаруға ерекше назар аударылады. Қадағалау қызметі барысында құрылыс салушылардың инженерлік желілерді коммуналдық меншікке бермеуіне байланысты коммуналдық мүлікті басқару саласындағы бұзушылықтар анықталған. Прокуратураның атқарған жұмысының нәтижесінде мемлекетке 54 тұрғын үй кешенінің жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын инженерлік желісі қайтарылды, тағы 10 млрд теңге көлеміндегі мүлікті қайтару жалғасып жатыр.

Үлескерлердің құқықтарын қорғау

Жұмыстың маңызды бағытының бірі – үлестік құрылысқа қатысушылардың құқығын қорғау. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 32 проблемалық нысанның құрылысы аяқталған, ал 16 мыңнан астам үлескер өз пәтеріне қол жеткізді. Тәуекелді нысандар саны 26-дан 20-ға дейін азайды.

Үлескерлердің өздері құрған тұрғын үй-құрылыс кооперативтері маңызды рөл атқарды. Прокуратураның бастамасы бойынша соттар тоғыз талап-арызды қанағаттандырып, жер учаскелері, аяқталмаған құрылыс нысандары және құжаттаманы тұрғын үй кешенінің пайдасына беру туралы шешім қабылдады. Әкімдікпен бірлесіп, құрылысы аяқталмаған нысандарды аяқтауға инвесторлар тарту жұмыстары жалғасады.

Бұзушылықтардың алдын алу

Жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін прокуратура алғаш рет үлестік құрылыс нысандарына қатысты заңсыз жарнама орналастырған ақпараттық алаңдарды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тиісті шаралар Krisha.kz және 2GIS сервисіндегі жарнамалық материалдарға қатысты қабылданды.

Мемлекеттік активтерді қайтару және меншік құқығын қорғау – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды элементтері. Бұл жұмыс бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, заңдылықты нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған.