05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада кассадан ақша жымқырған ұрының әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды

|
Photo: фото: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада кассадан ақша жымқырған ұрының әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды

|
Photo: фото: polisia.kz

Астанада базардағы сатушының ақшасын ұрлаған Өзбекстан азаматының әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сатушының жұмыс орнында болмағанын байқаған ер адам кассадан 70 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап алған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полицияның жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 57 жастағы азаматын анықтады. Ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, ұрлыққа қатысы бар шетелдік азамат мойындау көрсетпелерін берді. Осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», - деп көрсетті Астана қаласы Полиция департаменті.

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін шетелдікке қатысты әкімшілік іс қозғалды, іс материалдары сотқа жіберілді. Ер адамға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе Қазақстан аумағынан қуылады.  

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗