Қазақстанда астық жинайтын комбайндар өндірісі артты
5 тамыз, 2025
Фото: primeminister.kz
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 449 астық жинайтын комбайн өндірілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7% артық.
Сонымен қатар ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторлар өндірісі 39,3% өсті. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 915 трактор шығарылды.
Қазақстан нарығында тракторлар өндірісінің үлес салмағы (қаңтар-мамыр бойынша) 46,7% құрайды.
Ұқсас жаңалықтар
19 желтоқсан, 2025
Акционерлік қоғамның басқарма мүшесі директорлар кеңесінің шешімін Конституциялық Сотта даулады
19 желтоқсан, 2025
Елімізде етті ең көп жейтін өңірлер анықталды
19 желтоқсан, 2025
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары кәсіпкерлікпен айналыса алады
19 желтоқсан, 2025
Қазақстанда резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі артты