Референдум-2026

Астананың Жетісу саябағында тазалық пен тәртіпке қатысты рейд жүргізілді

Бүгін, 11:15
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астананың Жетісу саябағында тазалық пен тәртіпке қатысты рейд жүргізілді
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Жетісу саябағында қоғамдық тәртіп пен көгалдандыру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тазалықты сақтап, мәдениет пен әдеп қағидаларын арттырып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу. Сондай-ақ қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – бұл жарқын келешекке қарай бет бұру екендігін аңғарту.

«Есіл ауданы әкімдігі мен полиция қызметкерлері бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жетісу» саябағында рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында тұрғындарға тазалық сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – аудан тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақыру», – деді іс-шараның мән-мағынасы жайында Астана қаласы Есіл ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әли Жолтабар.

Еске салсақ, елордада қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі азамат әкімшілік қамауға алынды.