10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды

|
Photo: olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды

|
Photo: olympic.kz

Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына жүзуден тағы 2 медаль түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ерлер арасында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Ұлттық құрама көшбасшысы Әділбек Мусин алтыннан алқа тақса, тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов күміс жүлдегер атанды. Жеңімпаздың уақыт көрсеткіші – 23.85 секунд. Максимнің нәтижесі 23.87 секунд.

Қазақстан құрамасы Аруна Жангелдина (дзюдо), Әділбек Мусин мен Софья Сподаренко (екеуі де жүзу) жеңіп алған алтын медальдің арқасында жалпыкомандалық есепте ТОП-5-ке көтерілді.

Қазір Ұлттық құраманың қоржынында 13 медаль – 3 алтын, 5 күміс, 5 қола бар.

Жүлде кестесі:

1. Түркия

2. Өзбекстан

3. Нигерия

4. Индонезия

5. ҚАЗАҚСТАН

6. Әзірбайжан

7. Мысыр

8. Алжир

9. Біріккен Араб Әмірліктері

10. Иран.

Бүгін отандастарымыз ауыр атлетика, дзюдо (аралас командалық сайыс), үстел теннисінен (ерлер құрамасы), жүзуден (еркін, шалқалай, баттерфляй әдісі, эстафета) кезекті жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗