Астаналық спортшы муай-тайдан әлем чемпионы атанды

Астаналық спортшы муай-тайдан әлем чемпионы атанды
Фото: Астана әкімдігі

Астаналық спортшы Давид Широкорадов Косовода өткен муай-тайдан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дечани қаласында ұйымдастырылған әлем чемпионатына 60 елден 350-ден астам спортшы қатысты.

Давид Широкорадов 57 келіге дейінгі салмақта, «А» санатында (Elite) өнер көрсетті. Ол жарыс барысында Әзербайжан және Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшыларын жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Чемпионды елордадағы халықаралық әуежайдан ата-анасы, жақындары, достары және спорт қауымдастығының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.

Давид Широкорадов – муай-тайдан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер. Оның жаттықтырушысы – Нұртаза Жұмаханов.

Айта кетейік, әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «А» санатындағы жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар ұлттық құрама вай-кру, май-муай және муай-тай татами бағыттары бойынша жалпы командалық есепте үшінші орын алды.

Бұған дейін көркем гимнастикадан Ақмарал Ерекешеваның жеке бапкері Меруерт Балғынбаевамен сұхбатты жариялаған едік.