Астанада қалалық емханада конституциялық өзгерістер талқыланды
Бүгін Астанада №15 қалалық емханада жаңа Конституция жобасы мен жүргізіліп жатқан реформаларды талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жиында Астана қаласы мәслихатының депутаты Мәдина Әжікенова, Amanat партиясы қалалық филиалы саяси бөлімінің басшысы Әбдіғани Бәзілханұлы, Respublica партиясы фракциясының менеджер-талдаушысы Жақсылық Киікбаев билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған негізгі өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесу барысында азаматтардың шешім қабылдаудағы рөлін кеңейту, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері қозғалды.
Өңірлік деңгейдегі реформаларды іске асырудағы мәслихаттардың рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, конституциялық өзгерістер азаматтардың күнделікті өміріне және ұйымдардың қызметіне қалай әсер ететінін талқылады.