Елордада кәсіпорын қызметкерлері индустриялық парк аумағында 65 ағаш отырғызды

18 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада кәсіпорын қызметкерлері индустриялық парк аумағында 65 ағаш отырғызды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаланы көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Кезекті іс-шара №1 индустриялық парк аумағында өтіп, оған елордалық кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Онда абаттандыру жұмысы жүргізіліп, 65 ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экологиялық бастамаға «KZ-ПРЕСТИЖ», «Танжер-1», PolyTech Astana және «ЛС Групп» кәсіпорындарының ұжымдары қосылды. Қызметкерлер өнеркәсіптік аймақта көгалдандыру жұмысын бірлесіп жүргізіп, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосты.

Кәсіпорындардың осындай экологиялық бастамаларға қатысуы өнеркәсіптік аумақтарды көгалдандырып, абаттандыруға, бизнестің қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға және елордада жайлы қалалық орта қалыптастыруға ықпал етеді.

​Еске салсақ, бірнеше жылда елордада «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына 1,4 миллионнан астам адам қатысты.