Заң мен тәртіп: ҮЕҰ арасында республикалық байқау басталды

Бүгін, 10:25
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Заң мен тәртіп: ҮЕҰ арасында республикалық байқау басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Үкіметтік емес ұйымдар арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге бағытталған республикалық байқау басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Байқауды Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырады.

Республикалық байқау үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізіліп, «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті өмір салты ретінде орнықтыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал ететін үздік қоғамдық бастамаларды анықтап, қолдауды көздейді.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Өңірлік кезеңде ҮЕҰ өтінімдерін тиісті өңірлік азаматтық альянсқа жолдайды. Өңірлік байқау комиссиясы келіп түскен өтінімдерді қарап, республикалық кезеңге қатысушыларды іріктейді.

Республикалық кезеңде өңірлік іріктеуден өткен жобаларды республикалық байқау комиссиясы бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.

Үкіметтік емес ұйымдар байқауға қатысып, заңдылықты сақтау, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдық тәртіпті нығайту бағытындағы үздік жобаларын ұсына алады.

Конкурс туралы толық ақпаратпен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады: civilalliance.kz, drive.google.com.

Қосымша ақпарат бойынша 8 708 290 28 78 нөміріне хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, eGov Mobile-да «Заң мен тәртіп» сервисі жаңартылды.