Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

10 мамыр, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Фото: ТЖМ/видеодан скрин

Елордалық құтқарушылар пәтердегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Бүгін Астанада Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан он екі қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан өрт шықты. Белгілі болғандай, пәтерлердің бірінде керме төбе өртенген. 

«ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт жедел түрде оқшауланып, толықтай сөндірілді», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Зардап шеккендер болған жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. 

ТЖМ тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.