Референдум-2026

Астанада Достық пен Сауран көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Бүгін, 10:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Достық пен Сауран көшелерінің қиылысы уақытша жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Достық пен Сауран көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 28 маусым сағат 09:00-ден 29 маусым сағат 02:00-ге дейін учаске ішінара жабылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», делінеді хабарламада.

Еске салсақ, Астанада Әлімбаев көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысы ішінара жабылады.