Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы жөндеу жұмысына байланысты бірқатар автобус бағдарының жүру бағыты өзгерді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «City Transportation Systems» компаниясына сілтеме жасап.
«№ 4, 4А, 21, 43, 58, 502, 66, 78, 84, 82 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді», делінген хабарламада.
Еске салсақ, Тәуелсіздік даңғылының Ш.Қалдаяқов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралығында 22-23 мамыр күндері көлік қозғалысы ішінара шектеледі.