07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

39 қызметкерге жалақы төлемеген: прокуратура азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзған кәсіпорынды тексерді

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

39 қызметкерге жалақы төлемеген: прокуратура азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзған кәсіпорынды тексерді

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Қостанай ауданының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында «Қазақ тұлпары» ЖШС қызметкерлеріне жалақы төлемеу фактілері анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында облыстық Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің Департаментіне талап жолдады.

Тексеру нәтижесінде қызметкерлердің конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері расталып, Департамент жұмыс берушіге 39 қызметкер алдындағы 21,7 млн теңге мөлшеріндегі жалақы қарызын өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама енгізді. 

Жіберілген құқық бұзушылықтар үшін кәсіпорын 314 560 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлға тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗